Алдағы үш күнде қар жауып, аяз болады
Алдағы үш күнде қар жауып, аяз болады
Фото: yandex.kz
«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы күндері күн суытады. Солтүстік циклон 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады. Оның ықпалымен бірінші кезекте елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа райы сақталады. Бірақ 23 қазанда циклон шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа райы тұрақсыз сипат алады. 23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді. Ауа температурасы: батыста түнде -5 аяз, күндіз 2-12 градус жылы; солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде -8 аяз, күндіз 2-5 градус; орталықта түнде – 2-10 градус жылы, күндіз – 8-18 градус; шығыста күндіз-түні 3-5 градус; оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін, күндіз 20-25 жылы, таулы аудандарда 12-17 градус, таулы аудандарда 2-5 градус жылы болады.