Қарақат Әбден еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат жұмысын бастады
Қарақат Әбден еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат жұмысын бастады
265
оқылды
Президенттікке үміткер Қарақат Әбденді қолдау штабы еліміздің барлық өңірінде офлайн және онлайн режимде  үгіт-насихат жұмысын бастады. Кеше кандидаттың қолдау штабының ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті. Отырыста үгіт-насихат жұмысының бағдарламасы, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ қатысушылар әр өңірге іссапар жоспарын, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының мән-жайын талқылады. Қарақат Әбденді қолдау штабы іс-шаралар, сайлаушылармен кездесу және үгіт-насихат материалдары жарияланатын www.abden.kz сайтын іске қосты. Әлеуметтік желілерде сайттың ресми парақшалары бар (https://www.facebook.com/abdenova.karakat және https://www.instagram.com/abdenkarakat/).