Білім беру – басты бағдар
Білім беру – басты бағдар
340
оқылды
ШҚО Алтай ауданы әкімдігінде балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер талқыланды. Онда барлық білім беру деңгейлерінде шәкірттердің білім сапасын арттыру мәселесі сөз бол­ды. Бүгінде жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қа­жет­тілігін қамтама­сыз етуге ба­ғыт­талған мәселелер бойынша мем­лекеттік бағдар­ламамен са­бақ­тастық сақталған. Соның бірінші міндеті – мектепке дейінгі тәрбие мен оқы­тудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Шығыс Қазақ­стан облысы Алтай ауданының әкімдігі бүгінде білім беру саласы бойынша аймақтағы 3 пен 6 жас аралықтағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтылып отыр. Өйткені өткен жылмен салыстырғанда, биыл 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 3 пайызға өсіп, 99 пайызға жетті. Әзірге осы жылдың ішінде үш мектептің ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары жасалып, жылыту маусымына толықтай дайын­далды. Бүгінде ауданда әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары, яғни 874 оқушының мектепте тегін тамақтануына жағдай жасалған. Тіпті, 869 оқу­шы мектеп формасы және аяқ­киіммен қамтылды. Ал 145-ке жуық көпбалалы отбасының балалары мектепке дейінгі білім мекемелерінен оқуға мүмкіндік алды. Оқушылардың білімін арт­тырып, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында Алтай ауда­ны әкімдігі түрлі сайыс, жарыс өткізуде. Мысалы, жақында ғана Республика күніне орай «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқыту­шылары қазақ тілін екінші тіл ретінде, яғни шетел тілі ретінде үйренушілерге арналған оқу-әдістемелік құрал әзірлеп, өз тә­жірбиелерімен бөлісті. «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-ның қазақ тілі оқытушысы М.Чайза­дина кітапхана қызметкерлерімен «Туған елім – тұғырым» атты интел­ллек­туалдық ойын өткізді. Мұндағы мақсат – еліміздің тари­хын еске түсіре отырып, мемле­кеттің өркендетуге атсалысу, Отанын сүюге, елдің зиялыларын құрметтеуге шақыру. Сонымен қатар Алтай қала­сының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері мен оқушылары арасында «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы» атты жазу диктанты өтті. Жаңа әліпбидің ерекшеліктерімен ұстаздар ғана емес, оқушылар да танысты. Бұл шара Байтұрсын­ұлының 150 жылдығы аясында қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі негізінде өткен еді.