ШҚО Алтай ауданы әкімдігінде балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер талқыланды. Онда барлық білім беру деңгейлерінде шәкірттердің білім сапасын арттыру мәселесі сөз болды. Бүгінде жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. Соның бірінші міндеті – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімдігі бүгінде білім беру саласы бойынша аймақтағы 3 пен 6 жас аралықтағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтылып отыр. Өйткені өткен жылмен салыстырғанда, биыл 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 3 пайызға өсіп, 99 пайызға жетті. Әзірге осы жылдың ішінде үш мектептің ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары жасалып, жылыту маусымына толықтай дайындалды. Бүгінде ауданда әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары, яғни 874 оқушының мектепте тегін тамақтануына жағдай жасалған. Тіпті, 869 оқушы мектеп формасы және аяқкиіммен қамтылды. Ал 145-ке жуық көпбалалы отбасының балалары мектепке дейінгі білім мекемелерінен оқуға мүмкіндік алды. Оқушылардың білімін арттырып, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында Алтай ауданы әкімдігі түрлі сайыс, жарыс өткізуде. Мысалы, жақында ғана Республика күніне орай «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушылары қазақ тілін екінші тіл ретінде, яғни шетел тілі ретінде үйренушілерге арналған оқу-әдістемелік құрал әзірлеп, өз тәжірбиелерімен бөлісті. «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-ның қазақ тілі оқытушысы М.Чайзадина кітапхана қызметкерлерімен «Туған елім – тұғырым» атты интелллектуалдық ойын өткізді. Мұндағы мақсат – еліміздің тарихын еске түсіре отырып, мемлекеттің өркендетуге атсалысу, Отанын сүюге, елдің зиялыларын құрметтеуге шақыру. Сонымен қатар Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері мен оқушылары арасында «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы» атты жазу диктанты өтті. Жаңа әліпбидің ерекшеліктерімен ұстаздар ғана емес, оқушылар да танысты. Бұл шара Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі негізінде өткен еді.