Мемлекет басшысының Жарлығымен үш азамат еліміздің ең жоғары наградаларымен марапатталды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы. 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Астана, Ақорда, 2022 жылғы 14 қазан", - делінген Ақорда таратқан құжатта.