ҰҚК Шекара қызметі ресейліктерге қатысты визаран тәртібін түсіндірді
ҰҚК Шекара қызметі ресейліктерге қатысты визаран тәртібін түсіндірді
507
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШҚ) Шекара қызметі Ресей азаматтарының Қазақстанда тұру, келу және кету мерзіміне қатысты пікір білдірді. Ведомство визаран тәртібіне қатысты түсіндірме берді. Айта кетейік, көші-қон заңнамасына сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан аумағында 90 күн болуға құқылы. "Визаран" (visa run) ұғымы заңды болу мерзімін тағы 90 күнге ұзарту мақсатында шетелдіктің мемлекеттік шекараны қысқамерзімді ресми кесіп өтуін білдіреді.
"Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстанға келіп, 90 күннен кейін Қазақстаннан кететін болса, Қазақстанға қайта кіргеннен кейін 90 күн болу мерзімін қайта санау басталады. Бұл ретте олар шыққан күні немесе кез келген басқа күні қайта кіре алады, өйткені басқа тәртіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелмеген", - деді ҰҚК Шекара қызметі өкілдері.
Ведомство "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңның 19-бабы 7-тармағына сәйкес адамдарды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу республикаға келу немесе ҚР-дан кету құқығына құжаттар болған кезде, сондай-ақ осы адамдарға қатысты ҚР заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылатынын еске салды.