Қазақстанның қаржылық барлау бөлімшесінің Түркия, Австрия және Гонконгтағы әріптестерімен екіжақты кездесулері өтті
Қазақстанның қаржылық барлау бөлімшесінің Түркия, Австрия және Гонконгтағы әріптестерімен екіжақты кездесулері өтті
436
оқылды
ҚР ҚМА төрағасы Жанат Элиманов Парижде өтіп жатқан FATF пленарлық отырысы барысында Түркияның Қаржы министрлігінің Қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасының (MASAK), Австрияның қаржылық барлау бөлімінің (A-FIU) және Гонконг қаржылық барлау басқармасының (JFIU) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында өзара іс-қимыл нәтижелері мен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар мәліметтерді өңдеу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық-талдау жүйелерінің жұмыс істеуі, қаржылық барлау қызметінің практикалық аспектілері, заңсыз қаржы ағындарымен күресудің типологиялары мен тетіктерін әзірлеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Кездесулерде елдер арасындағы ақпарат алмасу уақытын барынша қысқарту және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық сұраныстарды орындау мәселелері қозғалды. Кездесуге қатысушылар FATF ұсынымдардағы соңғы өзгерістерді ұлттық заңнамаға енгізу бойынша, оның ішінде бенефициарлық меншік иелерін құру және ұлттық мемлекеттік қызметкерлер тізімімен жұмыс жасау мәселелері бойынша пікір алмасты. қаржы Түркия өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша бұрын жасалған меморандум аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері пысықталды. Австрияның қаржылық барлау бөлімімен кездесуде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысты қаржылық ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластық халықаралық қатынастардың инфрақұрылымын сұрау салу бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың шығу тегі қылмыстылығына күдік тудыратын операциялар туралы бастамашылық ақпарат бойынша кеңейтуге мүмкіндік береді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деп күдік тудырған қаржылық операцияларға қатысты ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша өзара келісім негізінде Гонконгтың қаржылық барлау бөлімінің өкілдерімен одан әрі ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда. Өткізілген кездесулер қылмыстықтарға қарсы күрес жұмысына оң серпін беріп, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.