Семейде қабір қазуға кеткен жігіттің денесі табылды
Семейде қабір қазуға кеткен жігіттің денесі табылды
222
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында он күн бұрын жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды. Семейге қарайтын Бөкенші ауылының тұрғыны Асхат Әлжанов 7 ақпан күні қабір қазу үшін зират басына шыққан. Одан кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. – 1983 жылы туған ер-азаматтың денесі үйінің маңынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы жуық арада анықталады, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті. Дәурен Аллабергенұлы,  Шығыс Қазақстан облысы