Шығыс Қазақстан облысында он күн бұрын жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды. Семейге қарайтын Бөкенші ауылының тұрғыны Асхат Әлжанов 7 ақпан күні қабір қазу үшін зират басына шыққан. Одан кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. – 1983 жылы туған ер-азаматтың денесі үйінің маңынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы жуық арада анықталады, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы