Астанада мешіттерде ұрлық жасап жүрген ұры видеоға түсіп қалды

Астанада мешіттерде ұрлық жасап жүрген ұры видеоға түсіп қалды

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген ұры камераға түсіп қалған. Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.

«Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алыпсатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады», - деді полициядан.
Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.