Атырауда сұмдық жол апатынан 5 адам көз жұмды
Атырауда сұмдық жол апатынан 5 адам көз жұмды
Атырауда сұмдық жол апатынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданының Сағыз - Миялы тасжолында орын алды. Атырау облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 15:00 шамасында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан 1967 жылы туған екі адам және 1950 жылы туған Toyota Ipsum автокөлігінің 3 жолаушысы және 1960, 1995 жылы туған Lada Granta көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Әр түрлі дене жарақатымен 3 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі көліктің жолаушылары мен жүргізушілері Қызылқоға ауданының тұрғындары. Аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда.
"Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертуде" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова