Салтанатты басқосу
Салтанатты басқосу
344
оқылды
Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінде «25 қазан – Рес­пуб­лика күні» ұлттық мереке­сіне арналған салтанатты шара өтті. Шараға агенттік, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясы, Мемлекеттік қызмет­тің персоналын бақылау ұлттық орталығы басшылығы мен қыз­меткерлері, мемлекеттік қызмет саласы ардагерлері қатысты. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев құттықтау сөзінде Республика күнінің еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі екенін атап өтті.
 «Президент айтып өткендей, Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы­ның символына айналуы қажет. Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие», – деді ол.
Президенттің Жарлығына сәй­кес, мемлекеттік наградаларымен агенттіктің және оның ведомство­лық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Құрмет грамотасымен наградталды. Сонымен қатар бірқатар қызмет­керге МҚІА төрағасының алғыс­хаты мен грамотасы табысталды. Ұлттық мереке қарсаңында мем­лекеттік қызметке алғаш қа­был­данған мемлекеттік қызмет­шілер Қазақстан халқына адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Іс-шара аясында қызметкер­лердің балалары үшін агенттік ішінде экскурсия ұйымдас­тыры­лып, балалар ата-анасының жұмыс орнымен танысты. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқтал­ды.

А.ЖОЛДАС