Америкалық ғалымдар өлген адамның денесін органикалық тыңайтқышқа айналдыруды жоспарлауда. Мұндай органикалық тыңайтқыштарды компост деп атайды екен. Яғни, мәйіттің компостқа айналуы қоршаған ортаға өте пайдалы деседі ғалымдар. Мұндай тұжырымға олар алты мәйітке жасалған арнайы тәжірибеден кейін келіп отыр. Сонымен қатар, ғалымдар өлген адамдардың мәйіттері әлемде үлкен экологиялық мәселе тудыруы мүмкін екенін де алға тартып отыр. Кейбір елдерде мәйітті бальзамдайды, ал оған түрлі улы химиялық заттар қолданылады. Мәйітті өртеу, яғни кремация кезінде ауаға аса көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді. Америкалықтардың бұл тұжырымы әрине қарама-қайшылықтарға тап болғаны белгілі. Этикаға жатпайтын ұсыныс деп танылған тәжірибе ғылыми ортада әлі де қызу талқыланатын болмақ. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы