Президенттікке кандидаттар ерекше сыйлық алды
Президенттікке кандидаттар ерекше сыйлық алды
385
оқылды
Сыйлықты жіберушілердің айтуынша, ерекше тарту Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлердің сайлау жарысына қатысушыларға оларды «үлкен» бақылаушы бақылап тұрғанын еске салады. Қазақстан президенттігіне кандидаттардың атына жіберілген сәлемдемелерді «Ел дауысы» қоғамдық қорының белсенділері табыс етті. Дүрбі, қордың айтуынша, оларды бейтарап бақылауды, сондай-ақ дауыс беру кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу керектігін білдіреді.
«Құрметті Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер, сіздер осындай салмақты қызметке ұсынылу құрметіне ие болдыңыздар. Сіз Қазақстан халқының алдында өзіңізге жүктелген барлық жауапкершілікті толық түсінесіз және мойындайсыз деп үміттенеміз. Мұқият қараңыздар, көру қабілетін жақсарту үшін біз сіздерге дүрбі жіберіп отырмыз», – деді қор өкілдері.
«Ел дауысы» сонымен қатар заңбұзушылықтарды қадағалап, анықталған жағдайда жария етуге уәде берді. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Осы уақытқа дейін алты үміткерді тіркеу аяқталып, көптеген үміткерлер жарыстан шығып үлгерді. Мемлекет басшысы лауазымына кімдер таласатыны туралы Orda.kz біраз материал жариялаған болатын.