Шымкенттік әйел 5 млн теңгесінен айырылып қалды
Шымкенттік әйел 5 млн теңгесінен айырылып қалды
814
оқылды
Алаяқ шымкенттік әйелді 5 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті 33 жастағы тұрғын арызданған. Оның айтуынша, 28 қыркүйекте қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде сатушы болып жұмыс жасайтын танысы көтерме бағада киім-кешек жеткізіп беремін деп 5 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған.
"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған", – деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қордаланып қалған қарыздарынан құтылу мақсатында барғанын мойындады. Алған ақшаны қарыздарына таратып жіберген. Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.