Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі санатта еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды «Спорт Шредингера» Telegram-каналы. Ақтық сында 79 келіге дейінгі салмақта қазақстандық грузин балуаны Владимир Гамкрелидзеден 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Ергеш жартылай финалда америкалық спортшы Картер Староччиді 8-7 есебімен жеңді. Бұған дейін грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан Олжас Сұлтан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын. Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр.