Екі өңірде республикалық маңызы бар жолдар ашылды

Екі өңірде республикалық маңызы бар жолдар ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды, – деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

"Республикалық маңызы бар жолдар ашық. Қазанның 22-нен 23-не қараған түні республикалық маңыздағы жолдарды қардан тазалауға 162 қызметкер және 103 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 647 метр куб материал жұмсалды" делінген хабарламада.