Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жол бойындағы көліктердің жүрісін бақылап жүр
Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жол бойындағы көліктердің жүрісін бақылап жүр
326
оқылды
Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктер легін бастап жүруге мәжбүр. Ескертуге қарамастан көліктердің басым бөлігінің доңғалағы маусымға сай ауыстырылмаған.
Ақмола облысында 22 қазанда кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды. Алайда ескертулерге қарамастан транзитпен келе жатқан көлік иелері жолда тұрып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ның Telegram арнасы. Ақмола полицейлері облыс орталығынан түрлі бағыттардағы автокөліктердің легін бастап жүруге мәжбүр болды, көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 250-ден астам көліктен тұратын тізбек құрған патрульдік полицияның 3 экипажы автокөліктерді елорда бағытына қарай алып жүрді.
"23 қазан, қатты көктайғақ. Щучинск қаласы бағытында лек қалыптастырудамыз. 200 көліктің 150-ге жуығы жазғы шиналармен жүр. Көбінесе транзитшілер", – деп атап өтті Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.