Павлодар облысында 140 гектар аумақта шөп өртеніп жатыр

Павлодар облысында 140 гектар аумақта шөп өртеніп жатыр

Павлодар облысының Ертіс жайылымында екі күннен бері дала өртенуде. «Жалпы аумағы 140 гектарды құрайды. Ауа райының қолайсыздығынан өртті сөндіру қиынға соғуда. Өңірде дауылды ескерту жарияланып, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с болады», – деп хабарлама жасады Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті. Май, Баскөл ауылдық округінде, Ертістің жайылмасында 15 гектар, 25 гектар, 37 гектар, 39 гектар, 24 гектарға созылған бес орталықта шамамен 70 тонна жаңа шабылған шөп, құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге 10 бірлік техника мен 60-тан астам адам жұмылдырылған, оның ішінде Көктөбе орман шаруашылығының орманшылары да бар.