Қазақстандық боксшы жеңіліп көрмеген боксшыны нокаутқа жіберді
Қазақстандық боксшы жеңіліп көрмеген боксшыны нокаутқа жіберді
966
оқылды
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 1 КО) кәсіби рингте екінші жекпе-жекте жеңіске жетті, – деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Ол Мехикода осыған дейін жеңіліп көрмеген Мексика өкілі Йеассон Пачеко Сервантеспен (6-1, 3 КО) жұдырықтасты. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек қазақстандықтың ауыр нокаутынан кейін екінші раундта аяқталды. Бұдан бұрын хабарланғандай, тағы бір қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингте сегізінші айқасын өткізді. Мехикодағы бокс кешінде ол жергілікті боксшы Лусиано Арауджомен кездесті (6-5-3, 3 КО). Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) осы жекпе-жекте екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.