Астанада көлікті ақылы автотұрақта қалдыру 3 күн бойы тегін болады

Астанада көлікті ақылы автотұрақта қалдыру 3 күн бойы тегін болады

Астанада Республика күніне орай 23, 24, 25 қазанда мереке күндері көлікті ақылы автотұрақтарда қалдыру тегін болады. Бұл туралы  ақылы автотұрақ операторы хабарлайды. Елордада ақылы автотұрақтар әкімдіктің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Ақылы тұрақ орындары Астана қаласының меншігінде. Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК құрайды. Ақылы автотұрақтардың жұмыс режимі: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері автотұрақтар тегін. Ақылы автотұрақтарды пайдалану мәселелері бойынша колл-орталыққа жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін хабарласуға болады. Қазақстан бойынша қоңырау тегін.