ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері қабылданады. Алғашқы күні қазақстандықтардан 100-ден астам өтініш келіп түсті.
«Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады. Мұнда біз сенім өкілдермен кездесулер өткіземіз, азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдаймыз. Сондай-ақ, мобильді формат болады. Яғни, адамдармен кездесу үшін өңірлерге өзіміз барамыз. Ең шалғай елді мекендер қамтылады», – деп атап өтті ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева.