Қазақстанға инвестиция салған өзге елдің азаматына виза берілуі мүмкін
Қазақстанға инвестиция салған өзге елдің азаматына виза берілуі мүмкін
189
оқылды
Қазақстан ел экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге тұруға рұқсат беретін заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.
"Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр" – деді Жұманғарин.
Жұманғариннің айтуынша, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар және қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті эффект беретін инвестициялар (салық түсімдері түріндегі бюджетке қосымша қаржылық түсімдер, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқалары) ескерілетін болады.