Өскеменде зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды. ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде зираттағы вандализм фактісі туралы ақпарат түскен.
«Белгісіз біреулер «Аблакетка» шағын ауданындағы зиратқа зақым келтірген. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтады. 23 және 30 жастағы екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді» делінген ПД баспасөз хабарламасында.Бұзақылар бұған дейін де зираттарды бүлдірумен айналысқан. Олар өз кінәларын мойындап отыр. Қазір ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Олардың зиратты не себепті бүлдіргендері әзірге белгісіз.