Тамызда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 133 млрд теңгеге жетті
Тамызда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 133 млрд теңгеге жетті
266
оқылды
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2022 жылдың қыркүйегінде 133 миллиардқа өсті, – деп хабарлады Ұлттық банк.
«2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары 133 млрд теңгеге өсіп, 14,01 трлн теңгені құрады» делінген Ұлттық банктің ресми сайтында сенбіде жарияланған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, қыркүйекте есептелген инвестициялық кіріс 24 млрд теңгеге өсіп, 742 млрд теңгеге жетті. Қыркүйек айындағы зейнетақы төлемдерінің көлемі 32 млрд теңгеден асты. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың зейнетақы шоттарының саны жинақтары жоқтарды ескере отырып, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10,909 миллион теңгені құрады.