Есірткі қосылған тәтті таратып жүр - фейк
Есірткі қосылған тәтті таратып жүр - фейк
Алматылықтар есірткі қосылған тәтті таратылып жатқаны туралы жалған ақпаратқа дүрлігіп жатыр. Whatsapp желісінде әйелдің алматылықтарға балабақшалар мен мектептердің маңында есірткі қосылған тәттілер таратылып жатқанын ескерткен фото және аудио хабарламасы тарап кетті. Әйел тәттілердің құрамында есірткі бар деген болжам жасайды. Оның айтуынша, балалар тәттілерді жегеннен кейін, ауруханаларға түсіп, тіпті қаза тауып жатыр. Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"Алматы қалалық полиция департаменті өкілдері бұл жалған хабарлама екенін мәлімдейді. Біз азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады" делінген хабарламада.