Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды
Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды
Фото: Интернеттен алынды
211
оқылды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қордай оқиғасы бойынша қозғалған істер туралы айтып берді, ­– деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Бүгінде жүздеген адамнан жауап алынды, процессуалды іс-қимылдар, қажетті сараптамалар жүргізілуде. Барлық процессуалды дәлелдер алынғаннан кейін, кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – деді Марат Қожаев. Ол қозғалған қылмыстық істер саны өте көп екенін атап өтті.
«Күн сайын қылмыстық істер қосылуда. Өздеріңіз білесіздер, адам өлтіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жаппай тәртіпсіздікке, ұрлық, қарақшылық, тонау фактілеріне қатысты қылмыстық істер бар. Түрлі эпизодтар бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс тіркелді», – деді М. Қожаев.
Дегенмен ол тергеу амалдарының қашан аяқталатыны туралы нақты жауап бермеді. «Уақыт көрсетеді. Тергеудің жалпы мерзімі қылмыстық-процессуалдық заңнама бойынша екі ай. Егер де қосымша зерттеулер қажет болса, қажетті сараптамалар тағайындау қажеттігі туындаса, онда бұл мерзім заңнамаға сәйкес ұзартылуы ықтимал», – деді Марат Қожаев. Еске сала кетейік, Қордай оқиғасынан соң, ауылды қалпына келтіру жұмыстар жүріп жатқанын айтқан болатынбыз.