Ақтөбе облысында қоқыстың арасынан сәбидің денесі табылды
Ақтөбе облысында қоқыстың арасынан сәбидің денесі табылды
Фото: yandex.kz
373
оқылды
23 қазан күні Ақтөбе облысы Бадамша ауылы маңындағы қоқыс полигонында сәбидің денесі табылды. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакетке оралған екен. Бұл жайында Zakon.kz хабарлады. Басылымның мәліметінше, Бадамша ауылы маңындағы "Рождество – Дөң" тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонында сәбидің мәйіті табылғаны жайында хабарлама Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне  түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанған. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі  іс қозғалды.