Қазақ қыздары шахматтан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Қазақ қыздары шахматтан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
©halyq-uni.kz
321
оқылды
Италияның Сардиния аралында шахматтан өткен әлем чемпионатында қазақстандық қыздар жүлдегер атанды. Олардың есімі - Әсел Серікбай мен Меруерт Камалиденова. Бұл жайында Astana орталық шахмат клубының баспасөз қызметі хабарлады. Әсел Серікбай 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы World Junior Chess Championship 2022 Girls турнирінде күміс жүлделесе, Меруерт Камалиденова осы жарыстың қорытындысы бойынша 11 ұпайдың сегізін жинап, үшінші орын алды. Сондай-ақ жерлесіміз Лия Құрманғалиева бәсекені 6-орынмен аяқтады. Еске салсақ, Әсел Серікбай – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы, жеті мәрте Азия чемпионы болған. Ал Меруерт Камалиденова да таяуда Президент қабылдауында болған. Екеуі де қазақстандық шахматшы қыздар құрамасының мүшесі.