Қостанайдағы бірнеше ауылда жарық болмайды
Қостанайдағы бірнеше ауылда жарық болмайды
Фото: upravlenie-gkh.ru
239
оқылды
26-27 қазан күндері аралығында Қостанай қаласына жақын орналасқан бірнеше ауылда жарық уақытша сөндіріледі. Мұндай хабарлама «ЭПК-forfait» қалалық электр желілері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми сайтында жарияланды. «Құрметті абоненттер! Жоспарлы жұмыстарды орындауға байланысты қала маңындағы бірнеше селода жарық беру уақытша тоқтатылады. 26 қазанда сағат 10:00-17:00 аралығында Бегежан, Ульянов селоларында жарық ажыратылады. Ал 12:00 мен 17:00 аралығында Шишкин және Жуков ауылдарында жарық сөндіріледі. 27 қазан күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін Надеждин, Майкөл селоларында электр жарығы болмайды. Сонымен қатар, 26-27 қазан күндері сағат 10:00-17:30 аралығында Жуков ауылының Школьная, Молодежная, Целинная көшелері электр желілерінен ажыратылады» делінген хабарламада. Таяуда Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр энергиясы нарығына көп көлемде инвестиция тарту үшін қолданыстағы тарифті 1 МВт үшін айына 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды.