Көліктен секірді деген ер адам көз жұмды

Көліктен секірді деген ер адам көз жұмды

Павлодар облысында көліктен секірді деген ер адам көз жұмды. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем соңғы үш күнде үш ірі жол апатына шыққан екен. - Алғашқы ірі апат Чернорецк ауылынан 15 шақырым жерде республикалық тасжолында болған. 23 қазан күні сағат 00:58-де екі көліктің жылқы соққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығының тобы жіберілді.  Өкінішке қарай, зардап шеккен екеуін құтқара алмады. Тағы екі науқасты – 36 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелді Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, – деді баспасөз қызметіндегілер. Дәл осы күні Баянауыл ауылынан 25 шақырым жерде үш көлік соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам зардап шекті. 51 және 24 жастағы екі ер адам мен 2 және 12 жастағы екі бала аудандағы орталық ауруханаға жеткізілді. Арасындағы 10 жасар қыз ауруханаға жатудан бас тартты. - 22 қазан күні сағат 18:14-те жедел жәрдемге жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткені туралы шақырту түскен. Оқиға Солнечный кентінен шыға берісте болған. Жедел жәрдем келгенімен 44 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол  ауыр жарақатының салдарынан көз жұмды, – деді жедел жәрдем бөлімінің өкілі.