Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізуде.
Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті.
«Үгіт-насихат жұмысына бүкіл ел бойынша 7,5 мыңнан астам белсенді қатысуда. Парақшаларды тарату, плакаттарды жапсыру сынды түрлі форматтағы жұмысты жалғастырамыз. Соның ішінде осындай экспромт-кездесулер де бар», – деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Нұржан Жетпісбаев.