Полицей жатақханадағы өрттен 7 адамды аман алып шықты (видео)
Полицей жатақханадағы өрттен 7 адамды аман алып шықты (видео)
Фото: Интернеттен алынды
144
оқылды
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкері 7 адамды өрттен құтқарып қалды, – деп хабарлайды polisia.kz. Полицей Ерлан Жаңабаев 1 қаңтар күні әкімшілік аумағында кезекшілік атқарып жүргенде Орлыкөл көшесіндегі жатақханадан шыққан қою түтінді көрген. Ол өрт сөндірушілерді күтіп отырмай, үйге жүгіріп кіріп, іштегі адамдарды сыртқа шығарған.   https://www.youtube.com/watch?v=-nNPJvYpL3U   Жатақханада қарттар мен балалар болған. Ерлан Жаңабаев түтіндеген үйден 7 адамды эвакуациялады. Оның ішінде, 2 бала бар. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр. Полиция капитаны өрт туралы ешкімге айтпаған. Бұл жағдай өрттен құтқарылған адамдардың алғыс айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін ғана белгілі болды. Олар учаскелік инспектор болмағанда бәрі қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтады. Полицейдің өзі ерлік жасадым деп санамайды. «Полицейдің міндеті – адамдарға күнделікті көмек көрсету. Бұл – біздің жұмысымыз. Ерлік жасадым деп ойламаймын. Бұл жағдайда кез келген адам осылай жасар еді», – дейді Ерлан Жаңабаев. Ол Ішкі істер органдарында 17 жылдан бері жұмыс істейді.