Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астана қаласында шағын футболда БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды. Жарыс Республика күніне арналып отыр.
– Республика күні мерекесінің әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше. Бұл күн ел егемендігінің бастауы болды. Бүгін осы мерекеге орай жарыс өткізіп отырмыз. Депутаттар корпусы мен журналистер халықтың мәселесін бірге көтеретін, күнделікті өмірде белсенді жұмыс істейтін одақтастар, – деді вице-спикер.Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі сөз сөйлеп, Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
– Арайлы азаттығымыздың, тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған Республика күнімен құттықтаймын. Осындай ұлы мереке қарсаңында турнирді ұйымдастыруға бастамашылық жасаған Мәжіліске, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс білдіремін. Біз журналистер қауымы жарыса отырып, жарасамыз. Доп таластыра отырып, табысамыз. Бүгінгі турнир достықтың белгісі болады, – деді Д.Қыдырәлі.