Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетелдік ұсталды

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетелдік ұсталды

Қырғызстан Республикасынан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"2022 жылғы 22 қазанда "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады" делінген хабарламада.