Екібастұздық тұрғын өртеніп жатқан үйден 2 баланы құтқарып қалды
Екібастұздық тұрғын өртеніп жатқан үйден 2 баланы құтқарып қалды
291
оқылды
Ер адам төртінші қабатта түтін шығып жатқан пәтердің балконына баспалдақпен көтеріліп, балаларды төмен түсірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. Кәмелетке толмаған балаларды құтқарушы 37 жастағы Азамат Смағұлов болды.
- Сәтбаев көшесімен келе жатып, түтін шығып жатқанын және балконда балалар тұрғанын көрдім. Мен өз еркіммен көтерілдім. Өйткені мен өзім төрт баланың әкесімін, - деді ер адам.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 23 қазан күні сағат 12.15-те Сәтбаев көшесі, 37-үйде шыққан.
- 9 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған. Өрт салдарынан 1988 және 1989 жылы туған ер адамдар мен 32 жастағы әйел күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деді баспасөз қызметінде.
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.