Қуат Хамитов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Қуат Хамитов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
296
оқылды
Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады. «Достар, жарақат алуыма байланысты кездесу болмайтынын жеткізуге мәжбүрмін. Бұл кездесу Алматыда желтоқсанда ұйымдастырылатын болар», - деп жазды ол. Айта кетсек, «Найман» 28 қазан күні армян файтері Давида Хачатрянмен TOP Fight промоушенінде титулды жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланған еді.