Тәрбиеші болып жұмыс істейтін ер адам мамандығының артықшылығы туралы айтты

Тәрбиеші болып жұмыс істейтін ер адам мамандығының артықшылығы туралы айтты

Түркістан облысы Кентау қаласында балабақшада ер адам тәрбиеші болып жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   «Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, тәрбиеші Құралбек Исабекке балалармен жұмыс істеген ұнайды. Ол осыдан 6 жыл бұрын балабақшада педагогикалық іс-тәжірибеден өткен. Оның тәрбиеші болғанына бастапқыда ата-аналар таңғалған.

Ата-ана Гүлзат Сейтжанқызы: «Әуел баста «ер адам да тәрбиеші болады екен-ау» деп таңғалдым. Балаларды қарай ала ма деп күмәнданғаным да рас. Құралбек өз ісін жетік біледі. Балаларды жақсы оқытады. Қызық ойындар ойнатады. Ата-аналар ризамыз», – дейді.
Құралбектің пікірінше, қоғамда тәрбиеші «тек қана әйелдердің мамандығы» деген пікір қалыптасқан. Балаларға ер адамның да тәрбиесі қажет деп санайды.
«Ата-анам үнемі қолдайды. Мектепте емес, неге балабақшада жұмыс істейсің деп сұрайтындар да бар. Жұмысымды жақсы көремін. Кішкентай балалар күйбең тіршіліктегі барлық қиындықты ұмыттырып жібереді», – дейді Құралбек Исабек.
Балабақша меңгерушісі Әйгерім Қалдыбаеваның айтуынша, Құралбек Исабек жақсы тәрбиеші ғана емес, оның ұйымдастырушылық қабілеті  де ерекше. Әріптестері, ата-аналар барлығы дән риза.   https://youtu.be/k971SDprRx8