Оқиға кеше қаладағы Абай даңғылында болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Соқтығыс салдарынан бала аса ауыр дене жарақаттарын алған. Полицияның хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторында.
Полиция жүргізушілерді жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға шақырады.