"Дуалауға адамның жеке заттарын пайдаланады": атыраулық бейіт басынан қан жағылған матамен қоса күмәнді заттар тауып алды
"Дуалауға адамның жеке заттарын пайдаланады": атыраулық бейіт басынан қан жағылған матамен қоса күмәнді заттар тауып алды
фото: azh.kz
1,435
оқылды
Әлеуметтік желіде Атыраудағы бейіт басында түсірілген бейнежазба жарияланды. Белгісіз әйел өзінің дуаланғанын айтып, қабір басын көрсеткен, - деп жазады Ақ Жайық газеті. Қабірдің жанынан бірнеше адамның аты жазылған қағаздар, қасық, көзілдірік, қан жағылған маталар табылды. Қағазда адамның атынан бөлек оның жұмыс орны, ЖСН нөмірі, көліктің нөмірі көрсетілген.
«Дуалауға адамның жеке заттарын пайдаланады. Осылай адамдардың тағдырын бұзады, отбасымен араздастырады», - дейді кадр сыртындағы дауыс.
Бұл бейнежазба ел арасында қызу талқыға түсті. ҚМДБ Атырау облыстық филиалындағылар оларға әзірге мұндай арыз-шағым түспегенін айтады. Ал Полиция департаменті «жиналған құжаттар Атырау облыстық Дін істері басқармасына жолданды», - деп хабарлады.