Ақтөбеде әйел абысынын алдап суретке түсіріп, атына 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген
Ақтөбеде әйел абысынын алдап суретке түсіріп, атына 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген
© turkystan.kz
447
оқылды
Ақтөбеде туысының үйіне қонаққа келген 36 жастағы әйел банк қосымшасына оның деректерін енгізіп, кейін байқауға тіркелуге селфи жасайық деп алдаған. Нәтижесінде,  туысқанының атына 2,5 миллион теңге несие алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Басылым мәліметінше, әйел банк қосымшасына деректер енгізген соң өзгенің атына рәсімделетінін ұққан. Телефонын туысқанының бетіне апарып, байқауға тіркелу керек деп селфи жасауын өтінген. Туысқаны ештеңеден күдіктенбей, суретке түсіп, телефонды өзіне кері берген. Нәтижесінде, қонақ туысқанына 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген. Бұл ақшаның 1,5  миллион теңгесін электронды лотереяға салып жіберген. Заречный тұрғыны несиесі бар екенін банктен хабарласқан соң ғана білген. Әйел жағдайды банк менеджерлерімен бірге шешіп, олар несиелік өтініште көрсетілген нөмірге хабарласқан. Ал хабарласқан нөмір күйеуінің ағасының әйелінікі болып шықты. Айыпталушы сотта алаяқтық жасап, оның атына несие алып, ақшасының бір бөлігін жоғалтып алғанын мойындаған. Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.