"Ақтаулық тұрғын досын атып тастады"– ІІМ видеоға қатысты түсініктеме берді

"Ақтаулық тұрғын досын атып тастады"– ІІМ видеоға қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігі «ер адам досын атып тастады» деген видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Бұл видео шындыққа жанаспайтыны анықталды. Бұл фейкті жасап, жариялаған адамдардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Барлығының жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді", – деп атап өтті ішкі істер департаментінде.
https://www.youtube.com/watch?v=tEuyc8F-GjA&feature=emb_title Айта кетейік, ҚР ІІМ ресми телеграм-каналында «атылған» ер адамның аман-есен екені туралы тағы бір видео пайда болды. Ол бұл видеоны олардың Ермек есімді досына әзіл ретінде арнайы түсіргенін айтты. https://www.youtube.com/watch?v=HHEJLUq5_S0