Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
544
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 26 қазанда күндіз тұман, көктайғақ күтіледі.

26 қазан күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с батыс желі. Алматы қ.: 26 қазан күндіз тұман күтіледі. Қонаев қ.: 26 қазан күндіз тұман күтіледі.

26 қазанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 26 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертен 25 қазанда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

26 қазанда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ: 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таулы аудандарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында 25 м/с. қ. Шымкент: 26 қазанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қостанай қ: 26 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

26 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 26 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.