Әскери борышын өтегендер университетте тегін оқиды
Әскери борышын өтегендер университетте тегін оқиды
Қазақстанда Отан алдындағы әскери борышын өтегендер ҰБТ-сыз университетте оқуға түсіп, тегін оқиды. Осы мақсатта оларға 3 мың грант бөлінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиевтің айтуынша, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3 мың грант беру туралы меморандумға қол қойды.    width= Енді бір жыл әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз оқуға түсе алады. Әскерде жақсы нәтижеге жеткен жігіттер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады. Үздіктерді электронды жүйеге мәліметтерді енгізе отырып, анықтайды.