Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Бір адам аурудан емделіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 882 адам коронавирустан (–732+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың арасында 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.