Алматыда күндіз бір үйдің үш баласы жоғалып кетті
Алматыда күндіз бір үйдің үш баласы жоғалып кетті
Фото: tengrinews.kz
Алматы облысында үш бала жоғалды. Tengrinews.kz-тің мәліметінше, балалардың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Балалар 25 қазанда таңертең сағат 10:00 шамасында жоғалып кеткен. Үшеуін соңғы рет Алматыдағы «Думан» ықшамауданында көргендер бары айтылды. Бірақ балалар Алматы облысы Талғар ауданына қарасты көршілес Бесағаш ауылында тұрады. Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, Арман, Иманғали және Ақеркені соңғы рет «Думан» ықшамауданындағы дүкеннен бәліш сатып алып тұрған жерінде байқағандар бар. Содан кейін оларды ешкім көрмеген. Ақерке қызыл түсті, ал ұлдар қара түсті күртеше киген. Олардың телефоны жоқ. Алматы облысының полицейлері ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары балалар туралы өзге ақпаратты жарияламады.