Big Data өмірді қалай жақсартады?
Big Data өмірді қалай жақсартады?
Big Data адам өмірінің барлық салаларында қолданылады. Фото Shutterstock сайтынан алынды
2,673
оқылды
Адамзат өміріндегі ақпарат көлемі секунд санап өсуде. Соңғы 2 жылда әлемдегі құрылғылардағы деректер көлемі екі есеге жуық өсті. International Data Corporation  (IDC) мәліметтері бойынша, адамдар тек 2020 жылы 59 зеттабайт деректер жасады. Егер осындай ақпарат көлемін сыйдыратын қатқыл диск болса, оған 4K тұнықтығымен жазылған фильмдерді көруге шамамен 100 миллион жыл қажет болар еді. Міне, бір жылда қандай көлемді ақпарат жасалған.
Үлкен деректер – Big Data – білім, ғылым, мәдениет және денсаулық салаларында, өндірісте, ақылды қаланың инфрақұрылымын жақсартуда, маркетингте, тіпті ауыл шаруашылығында да қолданылады.
Aikyn.kz сайты үлкен деректерді қолдану салалары туралы ТАСС ақпараттық агенттігі жариялаған материалына шолу ұсынады. [caption id="attachment_224032" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок7 Big Data-ның көмегімен жұмыс істейтін тұрмыстық техникалар, қауіпсіздік сенсорлары өміріңізді шуаққа бөлейді. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] 1. Big Data мен заттар интернеті (IoT – Internet of things) Заттардың интернетіне (IoT) «ақылды» тұрмыстық техникаларды, әртүрлі қауіпсіздік сенсорлары (түтін шығу, құбырлардан су ағуы және т.б.) мен басқа да электронды құрылғыларды жатқызады. Олардың әрқайсысы Big Data-ның көмегімен жұмыс істейді.
Заманауи өндірістік кәсіпорындағы жұмыстың тиімділігі мен қауіпсіздігі ондаған параметрді үздіксіз бақылаумен байланысты.
Ондай мәліметтер IoT платформасында жиналып, нақты уақыт режимінде Big Data алгоритмдері арқылы өңделеді. Үлкен зауыт болсын, күнделікті қолданатын тұрмыстық техника болсын барлығы үлкен деректермен жұмыс істеуге арналып жасалған. [caption id="attachment_224031" align="aligncenter" width="1800"]Фото Getty Images Big Data коммуналдық шаруашылықта ресурстарды үнемдейді.
Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Big Data-ның көмегімен жабдықтың тозуының алғашқы белгілерін біледі, уақытында техникалық қызмет көрсетіп, кәсіпорын мен тұтынушыларды апаттан сақтандырады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы да заттар интернетімен (IoT) бірге үлкен деректерді талдауды қолдана алады. Осындай заманауи технологияларды енгізу коммуналдық шаруашылықта ауқымды ресурстарды үнемдейді. Мысалы, көппәтерлі үйлерде ыстық суды тұтыну туралы деректерді өндейтін автоматтандырылған жүйені енгізу жылыту жүйесінің үнемді жұмыс істеуін реттейді. 2. Big Data қалаларды өмір сүруге ыңғайлы етеді Ірі қалалардағы инфрақұрылымдық жобаларға бюджеттен қомақты қаржылар бөлінеді. Жобалаудағы кемшіліктер мен қателіктер қымбатқа түседі. Бүгінде қалалардың өзі мамандарға мегаполистің қалай дамып, өзгеріп жатқанын, оны қалай жақсарту қажет екенін және қай салада қажет екенін анықтауға көмектесетін орасан зор ақпарат бере алады. Бірақ бұл үшін деректерді мұқият жинап, зерделеу керек. [caption id="attachment_224033" align="aligncenter" width="1842"]Рисунок3 Қалаларды жобалауды BigData мінсіз атқарады. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Үлкен деректер мен жасанды интеллект негізінде жинақталған есептер көлік секторы мен қалалық инфрақұрылымның жағдайын талдауға, болжамдар жасауға және қаланы дамыту бойынша шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұялы байланыс компанияларының мәліметтері негізінде қала халқының нақты көлемін бағалауға, адамдардың қозғалысын, жұмыс орындарының шоғырлану аймақтарын талдауға болады.
Big Data-ның көмегімен қаланың белгілі бір аймағындағы жолаушылар ағынын дәл есептеу арқылы көлік маршруттарын тиімді жоспарлап, кептелістен құтылуға болады.
Мұндай технологиялар Астана, Алматы қалаларында қолданыла бастады. Қаладағы қозғалысты басқару орталықтары жолдың апатты учаскелерін анықтау үшін де үлкен деректерді пайдаланады. 3. Big Data технологияны дамытады және кірісті арттырады Тұтынушылар қолдарына тағатын, денесіне орнататын электроникада үлкен деректер денсаулықты бақылау үшін қолданылады. Мысалы, жүрек соғысын бақылайтын, жұмсалған қуатты анықтайтын смарт сағаттар бар. Apple Watch-қа ЭКГ функциясын енгізген кезде Apple компаниясы оны медициналық ақпарат массивтерін қолданып жасады.
Big Data-ны ауыл шаруашылығында қолданып, өнімділікті бақылайды. Түрлі құрылғыларды пайдалана отырып ылғалдылық деңгейін, жарықты, желдің күшін, жер бедері мен өнімділік арасындағы байланысты анықтау – ауыл шаруашылығына өте қажет.
Алынған деректер бұл ақпаратты талдайтын платформаға түседі. Нәтижесінде, фермерлер өнім егу, суару, жинау уақыттарын дәл анықтап отырады. Осылайша, өнімділік артып, шығын азаяды. [caption id="attachment_224034" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 BigData адамдар мен қоршаған ортаның үйлесімін жасауда қолданылады.
Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] «Ақылды» технологиялар мен Big Data-ны қолданып ресейлік «Агротехфарм» стартапы аэропоника әдісімен (топырақсыз) жыл бойына құлпынай өсіру процесін жолға қойған.
Арнайы жүйелер микроклимат пен жарықтандыруды реттейді, қоректік заттарды таңдайды. Ал ақылды құрылғылар оларды өсімдіктердің тамырларына қажетті мөлшерде шашады. Жылыжайдағы өсімдіктердің жағдайы туралы барлық деректер талдау жүйесіне түседі.
Тағы бір мысал. OneSoil компаниясы спутниктік суреттер мен үлкен деректер талдауын пайдаланады. Сервис фермерлерге қажетті тыңайтқыш таңдауға, егісті жоспарлауға және дақылдарды бақылауға мүмкіндік береді. 4. Big Data бизнеске тұтынушылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді Кез келген жарнамалық науқан мақсатты аудиторияны зерттеуден басталады және оның дәлдігі түпкі нәтижеге әсер етеді. Aberdeen Group маркетингтік аналитикалық компаниясының есебіне сәйкес, өз жұмысында Big Data-ны пайдаланатын саудагерлер жыл сайын брендтің танымалдығын 20,1%-ға, ал портфолиосында үлкен деректері жоқ саудагерлер бар болғаны 7,4%-ға арттырады екен. Себебі, Big Data аналитикасы маркетологтарға жарнама мазмұнын қашан, қайда және кімге көрсету керектігін дәл анықтап береді. [caption id="attachment_224035" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 Big Data маркетингте таптырмас құрал. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Мұндай қызметтер тұтынушылардың демографиялық сипаттарын, ерекшеліктері мен қызығушылығын, белгілі бір тауарлар мен қызметтердің сатып алушыларға қажеттілігі туралы үлкен мәліметтерді талдап, заңдылықтарды анықтайды. Жарнама берушіге нақты мақсатты аудиторияны, оған қандай уақытта хабарламаны қандай әдіспен жіберу қажеттігін ұсынады. 5. Big Data ұялы байланыс операторларына желілер құруға көмектеседі
Байланыс операторларының негізгі міндеті – адамдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету. Инфрақұрылым сағат механизмі сияқты жұмыс істеуі үшін операторлар базалық станциялардан жиналған телеметрияны талдайды.
Бұл айына терабайт көлеміндегі үлкен ақпарат. Оған: станцияның жүктемесі, ақпарат каналдарының сәйкестігі, байланыспен толық қамту сияқты параметрлер кіреді. Байланыс ауқымын кеңейтумен қатар, оны зерттеу техникалық жабдықтардың шығындарын да оңтайландыруға көмектеседі. Мысалы, Big Data-ны пайдалана отырып, бүкіл базалық станцияға немесе оның бір ғана сегментіне түсетін жүктеме көлемін анықтайды. Базалық станцияны тұтастай ауыстырғаннан гөрі бір ғана секторды ауыстыру әлдеқайда арзанға түсері анық. [caption id="attachment_224036" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок6 Ақпараттарды жүйелеу және компьютердің көмегімен талдау арқылы заңдылықтар анықталады. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Ақпараттың үлкен массивтерін жүйелеу және оларды компьютердің көмегімен талдап қандай да бір заңдылықтарды табуға болады.
Дұрыс шешімдер қабылдау үшін үлкен деректердегі қарым-қатынастарды іздеуге Big Data технологиялары ғана қауқарлы. Үлкен деректерді сараптау адам өмірінің барлық саласына қажет.
Жаңа мектеп пен балабақша, саябақ пен спорт кешенін салу туралы шешімдер қабылдауға жергілікті билік те, тұтынушы санын көбейткісі келетін шағын бизнес те Big Data-ға жүгінуге мәжбүр.