Алматыда бір үйдің үш баласы жоғалып кетті
Алматыда бір үйдің үш баласы жоғалып кетті
Алматыда бір отбасының үш баласы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Балалар 25 қазан күні таңертең сағат 10:00 шамасында үйден шығып кеткен. Соңғы рет оларды Алматыдағы «Думан» ықшам ауданынан көргендер бар. Ал өздері осы «Думан» шағын ауданына жақын, Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында тұратын көрінеді. Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, Арман, Иманғали және Ақерке соңғы рет Думан ықшам ауданындағы дүкеннен пирог сатып алған. Содан кейін оларды ешкім көрмеген. Ақерке үстіне қызыл күртеше, ал ұлдар қара түсті сырт киімде болған. Олардың телефондары да жоқ. Алматы облысының полицейлері ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары оқиға жан-жақты тексеріліп жатқанын айтып, ресми ақпаратты кейінірек беретінін жеткізді.

Нұрболат Адырбек, Алматы