Түркістандағы театрдың көркемдік жетекшісі пәтерін 400 миллион теңгеге сатылымға қойды
Түркістандағы театрдың көркемдік жетекшісі пәтерін 400 миллион теңгеге сатылымға қойды
Түркістан облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова Астанадағы үйін 400 миллион теңгеге сатылымға шығарған. Бұл туралы инстаграмдағы bridgetv_qazaqstan аккаунты жариялады. "Түркістан облыстық музыкалық драма театрының бұрынғы директоры, қазіргі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова Астанадағы зәулім сарайын 400 миллион теңгеге бағалады. Пәтер Орынбор тұрғын үй кешенінде орналасқан. Ішіндегі жиhаздар да өте қымбат. Ол бұл қаржыны қайдан алды? Оның жалақысы қанша? Әлде, облыстың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев өнеріне тәнті болып, пәтерді сыйға тартты ма", – делінген видеода.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от *ШОУ БИЗНЕС NEWS* (@bridgetv_qazaqstan)

Оның үстіне, бұл ақпаратты ең әуелі журналист Михаил Козачков хабарлаған болатын. Оның айтуынша, пәтердің аумағы – 330 шаршы метр. Бес бөлмелі пәтер Мәңгілік ел, 29 мекенжайы бойынша орналасқан. Естеріңізде болса, былтыр Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектаклін қоюына 246 миллион 750 мың теңге жұмсап, қоғамда шу болып еді. Ақырында Айнұр Көпбасароваға қатысы бар компанияның бұдан ақша алғаны анықталған. Кейін Көпбасарова өз Іnstagram парақшасында салған суреттері талқыланып, шетелдік бренд киім-кешекпен киінетіні сөз болған. Мәселен, үстіндегі Chanel-дің ақ пиджагі 1 миллион 785 мың теңгеге бағаланған. Немесе Kazmedia-нің екінші қабатында түскен суретте Fendi-дің кашемир пальтосын киген. Оның бағасы – 4-5 мың доллар. Таразда дүниеге келген Айнұрдың негізгі мамандығы – мұғалім. Жанғара Дәдебаев пен Зейнолла Қабдоловтың жетекшілігімен диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атанды. 2000 жылдардан бастап продюсер ретінде түрлі жобалалар жүргізе бастаған.