Шетелдік инвестиция: Қазақстан ЕАЭО елдері арасында көш бастап тұр
Шетелдік инвестиция: Қазақстан ЕАЭО елдері арасында көш бастап тұр
ЕАДБ деректеріне сәйкес, 2010 жылдан бері ЕАЭО-ға мүше елдер жинақтаған тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі 24%-ке артқан, – деп хабарлады kazakh24.info. Оның ішінде Қырғызстанға ТШИ 2,5 есеге, Қазақстанға – 84%-ке, Беларусь мемлекетіне – 53%-ке, Арменияға – 28%-ке, Ресейге – 12%-ке өскен. ТМД елдері арасында ТШИ-дің ең көп өсімі Өзбекстан (4,4 есе) мен Әзербайжанда (4,1 есе) тіркелді. ЕАЭО елдеріндегі ТШИ-дің ЖІӨ-ге қатынасы (ЕАДБ деректері негізінде) [caption id="attachment_224063" align="alignnone" width="1200"]инвестиция kazakh24.info[/caption] Сонымен қатар, ЕАДБ сарапшылары 2021 жылдың соңында ЕАЭО елдері жинақтаған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі $699 млрд (UNCTAD деректері) немесе ЕАЭО ЖІӨ-нің 34%-ін құрағанын айтты. Бұл дамушы елдер үшін ЖІӨ-нің орташа деңгейінен (30%) асып түскен. ТШИ ЖІӨ-ге қатынасы бойынша Қазақстан көш бастап тұр (77%). Қырғызстанда бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 50%-ін, Арменияда – 40%, Ресейде – 29%, Беларусьте – 22%-ін құраған.